Алматы облысының Талғар ауданында қайғылы оқиға орын алды. Ер адам 15 жасар қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отбасының туысы болып келетін бойжеткен қанды оқиғаның кейбір мәліметтерімен бөлісті. Сөйтсе бұл жайт 10 қарашада Тұздыбастау ауылында болған. Оның айтуынша, ер адам ұзақ жылдар бойы ішімдікке салынып, алкогольді асыра пайдаланған.

"Ол туған қызына 16 рет пышақ сілтеген. Небәрі 15 жастағы қыз оқиға орнында жан тапсырды. Ер адам қамауға алынды. Бірақ ең ауыры, оның артына қалдырған проблемасы. Ол әйелінің атынан үлкен сомаға несие тіркеткен, ал анасы қызы өлтірілген үйде екі кәмелетке толмаған баласымен бірге тұруға мәжбүр", – дейді ол желідегі видеода.

Алматы облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі 2025 жылғы 25 қарашада Тұздыбастау ауылының тұрғыны кісі өлтірді деген күдікпен ұсталғанын растады.

"Полицияға отбасының туысынан 15 жасар студенттің өлі денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері мас күйдегі күдіктіні ұстады. Сондай-ақ, үйден қылмыс құралы тәркіленді". Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны да нақтыланады.

"Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде". Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Тергеу барысын облыстық полиция департаментінің басшылығы өз бақылауына алды.

Бұған дейін танымал видеограф кәмелетке толмаған ұл баланы зорлады деген күдікпен ұсталғанын жазғанбыз.