Алматыда пилоттық режимде жол қиылыстарында қозғалысты реттеудің жаңа тәсілі – "вафельді" жол белгісі енгізілді. Zakon.kz тілшісі мұндай учаскелерде бұзушылықтардың қалай тіркелетінін зерттеп көрді.

Sergek Group коммуникациялар департаментінің мәліметінше, жүйе көлік құралдарының қозғалысын кадр бойынша талдайды: жүргізуші алда бос орын жоқ кезде "вафельді" аймаққа кірді ме және оның әрекеті көлденең бағыттағы көліктердің қозғалысына кедергі келтірді ме.

Егер екі шарт орындалса жүйе көлік қиылысты бөгегенін анықтайды:

  1. Жүргізуші кептеліс кезінде "вафельді" сызба аймағына кірген болса.
  2. Көлденең бағыттағы көліктердің қозғалысына нақты кедергі жасаған жағдайда.
"Бұл жерде сызбаны басуды тіркеу мақсат емес. Негізгі міндет – жүргізуші шынымен де қиылысты бөгеген жағдайларды анықтау. Егер жүргізушінің көлігі сызбаның ішінде болғанымен, көлденең бағыттағы көліктерге кедергі келтірмесе және олар еркін өтсе, онда бұл толыққанды бұзушылық ретінде саналмайды", – деп түсіндірді компания өкілдері.

Сонымен қатар, пилоттық жобаны толық іске қосу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайтыны айтылды. Қазіргі уақытта тіркеу тек пилоттық режимде жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Алматыда ұрлық жасаған күдіктілер ұсталғанын жазғанбыз.