Кейінгі екі жылда мыңнан астам техника мен екі мыңға тарта жабдық сатып алынған. Ішінде 118 автоцистерна, орман өртін сөндіруге арналған 242 мобильді кешен, 500-ден астам трактор мен жүк көлігі, сондай-ақ патрульдік автокөліктер мен басқа да арнайы техника жаңаланған.

Ал биылдан бастап өңірлерге лизингтік бағдарлама аясында отандық өндірістен шыққан 333 автоцистерна, 370 мобильді кешен және 339 трактор жеткізіледі деп жоспарланған. Жыл басынан бері 352 данасы сатып алынды. Келер жылдың өрт қауіпті маусымына дейін барлық орман шаруашылықтарын арнайы жабдықпен толық қамтамасыз ету көзделіп отыр.