"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы 22 қараша, сенбіге арналған Қазақстандағы ауа райы мен табиғи қауіпті құбылыстардың болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, солтүстікте, шығыста және түнде еліміздің орталығында тұрақсыз ауа райы сақталады: жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, шығыста тіптен үдей түседі деп күтіледі.

"Бұл аймақтарда жаяу бұрқасын жүруі мүмкін, ал солтүстікте, шығыста және орталықта көктайғақтың болу ықтималдылығы жоғары". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Қазақстанның қалған аумағында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің басым бөлігінде тұман болады деп болжанады, ал солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыста жел екпін алады.

Бұған дейін мамандар еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында 22-24 қараша аралығында қар жауатынын ескерткен. Сондай-ақ, көктайғақ пен боран болуы да мүмкін.