Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі 2025 жылғы 21 қарашада пәтер-пәтерді аралап, бұқарадан сауалнама алып жүрген өз қызметкерлері туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Желі қолданушылары өзін білім министрлігінің қызметкерлері ретінде таныстырып, жеке деректерді жинау мақсатында үй-үйді аралап жүрген адамдар туралы сөз еткен.
"Оқу-ағарту министрлігі ведомство қызметкерлері тұрғын үйлер мен пәтерлерді араламайтынын және жекелей барып, дербес деректерді жинамайтынын ресми түрде мәлімдейді. Министрлік өкілі ретінде өзін таныстырып, құжаттарды, ақпаратты ұсынуды немесе үйге кіруді талап ететін адамдардың ведомствоға еш қатысы жоқ және олар алаяқтар болуы мүмкін", — деді ведомстводан.
Министрлік адамдардан қырағылық танытуды және мұндай жағдайларда дереу құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрайды.