Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова осылай мәлімдеді.

Елімізде курьер мен такси жүргізушілеріне тұмауға қарсы вакцина тегін салу мәселесі қарастырылып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, 2026 жылы осы мәселе қызу талқыға салынбақ.

Жалпы, курьер мен такси қызметінде жұмыс істейтін азаматтарға тегін екпе егу көрші Ресей елінде қолданылып жатқан тәжірибе. Осы ретте айта кетейік, Қазақстанда өз бетінше ақылы түрде екпе салдыратындар және 2 миллионнан астам вакцинаны тегін алатын азаматтар бар.

Қараша айында елде "дайын тағамды жеткізу" қызметі бойынша яғни курьер ретінде 11,3 мың жеке кәсіпкер тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 60% көп және 2018 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, соңғы 7 жылда бірде-бір рет жылдық төмендеу тіркелген жоқ.Курьерлердің күрт көбейген уақыты 2020–2022 жылдары байқалды, орташа жылдық өсім – 62,1%. Оған пандемия, онлайн-сервистердің дамуы себеп болды.