Қазақ КСР-інің халық әртісі, театр мен киноның даңқты тұлғасы Асанәлі Әшімовтің видеосы әлеуметтік желіде viral болып, жұртшылықтың үлкен қызығушылығын оятты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада өнер тарланы шәкірті – актёр Жұмағали Махановқа кітаппен әзіл-шыны аралас «соққы» жасап тұрғаны көрсетіледі. Бұл жай ғана көңілді сәт көпшілікті күлдіріп, желі қолданушылары ұстаз бен шәкірт арасындағы шынайы жақындық пен жылы әзілді ерекше ықыласпен қабылдады.

Роликте Жұмағали Маханов та бұл әрекетті әзіл ретінде қабылдап, ұстазының қылығына күлімдеп жауап қайырады.

"Театрға алғаш келген күнім әлі есімде. Ол кезде біз үшін Шахан Мусин, Нұрмұхан Жантөрин, Ыдырыс Ноғайбаев, Жұмабай Медетбаев сияқты аға буын актёрлер мен Сәбира Майқанова, Бикен Римова, Шолпан Жандарбекова, Қадиша Бөкеева секілді апаларымыз үлгі болды. Қазіргі ақсақалдарымыз – Сәбит Оразбаев пен Асанәлі Әшімов ағаларымыз да сол биік тұлғалардың жалғасы. Мені театрда 40 жыл ұстап тұрған – осындай алыптардың қамқорлығы деп білемін", – деген болатын.

"Артынан садақпен атпағанына шүкір", "Ана кісінің жыны келіп, ренжіп қалды", "Мынасы ерсі қылық екен, Асанәлі алжиын деді", "Бастан ұрма, бағы таяды", "Шәкіртімен әзілдескені болар, онда тұрған ештеңе жоқ", деп желі қолданушылары түрлі пікір жазды.

@myngzhanmoldabek ♬ оригинальный звук — Ардак Елеусиз