Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Вьетнамның орталық аймақтарында болған су тасқыны салдарынан көптеген азамат қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған.

Президент табиғи апаттан қайтыс болған адамдардың туыстарына сабыр, ал жарақат алған жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

Айта кетейік, Вьетнамның орталығындағы қатты жаңбыр мен су тасқыны салдарынан 41 адам қаза тауып, тоғыз адам із-түссіз жоғалып кеткен.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget