Әйелдің сырт киімі өзен жағасынан табылған.

Іздеу-құтқару шаралары үздіксіз жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазір Ертіс өзені аумағында 1976 жылы туған әйелді іздеу шаралары жүргізілуде.

– Акваторияны толықтай тексеруге ерекше назар аударылды. Құтқарушылар мен сүңгуірлер су айдыны мен жағалау аймағын зерттеу үшін арнайы жабдықтарды, соның ішінде жүзу құралдары мен эхолотты қолданып, іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – делінген хабарламада.

ТЖД қызметкерлері полициямен және волонтёрлік ұйымдармен бірлесіп, жағалауды жаяу тексеріп жүр.