Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Зайсандағы газ қорының қанша уақытқа жететінін айтты.
Әкімнің айтуынша, қазір "Тарбағатай Мұнай" газ компаниясы қосымша іздестіру және барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Болжам бойынша газ қоры тек 7 жылға жетеді. Болашақта Абай, ШҚО және Павлодар облыстарының елді мекендерін газдандыру үшін "Қарталы – Зайсан" магистральдық газ құбыры арқылы перспективалық газдандыру қарастырылуда. Сонымен қатар, үкімет Ресейден газ жеткізу мәселесін де қарастырып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілуде, – деді өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов.
Қазіргі таңда Зайсан ауданында Сарыбұлақ кен орнынан 10 елді мекенге газ жеткізілген. Дегенмен 2019 жылы жасалған жобада қарастырылған қалған 8 ауылға газ әлі жетпеген.