Бүгін түнде Маңғыстау облысында бөлек тұрған гараж отқа оранды, өрт көрші үйдің шатырын шарпыды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылында болған. Алдымен жеке тұрған гараж жанған. Содан кейін өрт көрші тұрғын үйдің шатырына ауысқан.
"ТЖМ құтқарушыларының үйлесімді және жедел әрекетінің арқасында өрт қысқа мерзімде толығымен сөндірілді", — делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысындағы қайғылы оқиға қоғамды дүр сілкіндірген еді. Жетісай ауданы Алғабас ауылында жеке үйдегі өрт 12 адамның өмірін қиған болатын. Зардап шеккен үш адам ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылғанын хабарлағанбыз.
Мемлекет басшысы осы қайғылы оқиғаға байланысты үкімет пен облыс әкіміне тапсырма берді.
Полиция өрт фактісі бойынша "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғады, сондай-ақ өрттің себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды.
19 қарашада өрттен зардап шеккен үш адамның бірі Шымкенттегі ауруханаға жеткізілді. 20 қарашада өрттен зардап шеккен тағы бір адам тікұшақпен Шымкентке жеткізілді.
Сонымен қатар өрттің шығуына не себеп болуы мүмкін екені айтылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті (@112_mangystau)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз