20 қарашада облыстық маңызы бар Қызылорда-Тереңөзек тас жолы бойында мұнай таситын техниканың кабинасынан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері шұғыл жетті.

"Өрт сөндірушілер келгеннен кейін көлік құралының кабинасы жанып жатқаны анықталды. Жүргізушінің нақтылаған мәліметтері бойынша, өрт шыққан кезде цистерна бос болған. ТЖМ құтқарушылары дереу өртті сөндіруге көбік беріп, өртті толығымен сөндірді", делінген хабарламада.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Бұған дейін Алғабаста 12 адамның өмірін қиған өрттің неден шыққаны айтылған болатын.