Бүгін Еуроодақтың Сыртқы істер министрлері Брюссельде шұғыл жиналды.

Басқосуда Украина бойынша жаңа бейбіт жоспар талқыланбақ. 28 тармақтан тұратын құжатты АҚШ тарапы әзірлеген. Еуропалық дипломатияның басшысы Кая Каллас: «Бейбіт жоспар қабылдануы үшін еуропалықтар мен украиналықтардың келісімі қажет», — дейді. Құрама Штаттардың мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың айтуына қарағанда, құжатта Мәскеу мен Киевтің мүддесі бірдей ескерілген. Батыс ақпарат құралдарының дерегі бойынша, Украина айырылып қалған жерлерін толық қайтара алмайды. Есесіне АҚШ Киевке қауіпсіздік кепілдігін беруге дайын. Сондай-ақ Украина НАТО-ға кіруден бас тартуы тиіс. Алайда Кремль жаңа бейбіт жоспардан бейхабар екенін жеткізді. «Мәскеу Вашингтонмен Украина бойынша жаңа келісімдерге қол жеткізген жоқ», — деп мәлімдеді.