Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, “Smart военкомат” жүйесі әскерге шақыртылуға жатпайтын азаматтарды автоматты түрде анықтап, оларды шақырту тізімінен шығарады.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Бұл үшін азаматтардың ешқайда барып, құжат жинауы қажет емес. Әскерге бармайтын санатқа кім жатады: 1. Студенттер 2. Денсаулығы жарамсыз азаматтар 3. Әскерге шақырудан заң бойынша босатылған басқа санаттар Ахмедиевтің айтуынша, жүйе әскери міндеттен босатылатын барлық санатты автоматты түрде анықтайды және оларды шақырту процестеріне қатыстырмайды. Бұрын бұл азаматтардың барлығы военкоматқа келіп, өз құқығын дәлелдеу үшін анықтамалар өткізетін. Қазір олардың 1 миллионнан астамы енді ешқайда бармайды. Жүйе бәрін өзі тексереді.