Соңғы екі жылда ChatGPT тек технология әлемінде ғана емес, бүкіл қоғамдастықта өз орнын тапты. Ол оқу, жұмыс, шығармашылық, медицина , бизнес пен ғылымда кеңінен қолданыла бастады. Бұл мақалада ChatGPT-тің осы уақыт ішіндегі негізгі жетістіктері мен қызықты деректерін ұсынамыз.

Модельдің эволюциясы

  • GPT-4 моделі 1,76 триллион параметрге ие.
  • ChatGPT 300 миллиард сөзбен оқытылған.
  • GPT-4 Turbo 300 беттік мәтінді өңдей алады.
  • GPT-4o үлгісі адамның реакциясына ұқсас жылдамдықпен (232 мс) жауап береді.
  • 2024 жылы OpenAI SearchGPT атты ЖИ іздеу жүйесін тестілеуге кірісті.
  • O1 атты соңғы үлгі GPT-4o-дан 8 есе сапалы нәтиже береді.
  • GPT Store дүкенінде қолданушылар 3 миллионнан астам жеке бот нұсқасын жүктеген.

Қолданушылар туралы

  • ChatGPT 161 елде қолжетімді.
  • Апталық белсенді қолданушылар саны – 200 млн.
  • 2024 жылдың қазанында 133,5 млн адам ChatGPT қолданған.
  • Ай сайын сайтқа 3 млрд рет кіру тіркеледі.
  • Сайт әлемдегі ең танымал 11-сайттың қатарына енген.
  • Қолданушылардың 70%-дан астамы сайтқа тікелей сілтеме арқылы кіреді.
  • Ең белсенді елдер: АҚШ, Үндістан, Бразилия.
  • Қолданушылардың 55%-ы ер адамдар.
  • Пайдаланушылардың үштен бірі – 25-34 жас аралығында.
  • ChatGPT Plus ақылы тарифін 7,7 млн адам сатып алған.
  • Лондон – ең көп жазылушысы бар қала.

Қолдану салалары

  • 92% Fortune 500 компаниясы OpenAI өнімдерін пайдаланады.
  • 83% компания ЖИ-ді басты даму бағыты ретінде көрсетеді.
  • 72% бизнес ЖИ-ді нақты тапсырмаларда қолдана бастады.
  • ЖИ ең жиі маркетинг, сату, IT және білім беру салаларында пайдаланылады.
  • Денсаулық сақтау және автоөнеркәсіп – ЖИ-дің келешекте ең көп әсер ететін салалары.

Қоғамдағы әсері мен тенденциялар

  • 57% адам ChatGPT диссертация жазуға көмектесе алады дейді.
  • 60%-ға жуық адам ЖИ-ден медициналық кеңес алуға дайын.
  • 63% қолданушы ChatGPT болашақта Google-ды алмастырады деп санайды.
  • 75% респонденттер ChatGPT жеккөрушілік контентті цензуралау керек дейді.
  • 70% адам ChatGPT адамзат өмірін жақсартады деп сенеді.
  • GPT-4 Тьюринг тестінен сәтті өтті — 54% жағдайда адамдарды алдай алды.

Екі жылда пайда болған трендтер

  • "Prompt-инженер", "ЖИ этика сарапшысы", "ЖИ-жобалау менеджері" сынды жаңа мамандықтар қалыптасты.
  • Кейбір университеттер ChatGPT көмегімен диплом жазуға рұқсат берді.
  • Қазақ тіліндегі ЖИ сапасы айтарлықтай жақсарды — бұл тілдік модельдердің бейімделу қабілетін көрсетеді.
  • ChatGPT саясатта, журналистикада, білімде, денсаулық сақтау мен шығармашылықта кеңінен қолданылып келеді.

ChatGPT-тің екі жылдық жолы – бұл технологияның қаншалықты тез дамып, жаһандық деңгейде қабылданғанының айқын дәлелі. Алғашқыда жай ғана әңгімелесетін бот ретінде танылған жүйе бүгінде түрлі салаларда нақты көмек көрсететін сенімді құралға айналды. Оны бағдарламалаушылар код жазуға, студенттер диплом мен реферат әзірлеуге, журналистер жаңалық өңдеуге, маркетологтар жарнама мәтінін дайындауға, дәрігерлер ақпараттық анықтама мен сұрыптауға, ұстаздар оқыту материалдарын жүйелеуге қолдануда.

Сонымен қатар, ChatGPT-тің танымалдығы тек кәсіби салада ғана емес, қарапайым адамдардың күнделікті өмірінде де байқалады. Миллиондаған адам оны досындай көріп, сұрақ қояды, ақыл сұрайды, мәтін түзетеді немесе бос уақытын қызықты өткізу үшін пайдаланады. Бұл – технология мен адам арасындағы жаңа өзара байланыс мәдениетінің басталуы деуге болады.

Алайда, ChatGPT пен басқа жасанды интеллект үлгілерінің жылдам дамуы жаңа сұрақтарды да туындатты. Ақпараттың шынайылығы, деректер қауіпсіздігі, шығармашылық шекарасы мен адам еңбегінің маңыздылығы туралы пікірталастар күшейді. Демек, бізге ендігі міндет – ЖИ-мен дұрыс қарым-қатынас орнатып, оны тиімді әрі жауапкершілікпен қолдану.