Алматыда полицейлер ұрланған қару жасырылған орынды анықтады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу ауданында Жансүгіров көшесі бойындағы Үлкен Алматы каналының жанындағы бос ғимараттың ішінен тегіс ұңғылы, 12 калибрлі атыс қаруы табылды.
"Табылған атыс қаруын криминалдық және ұрланған қарулар базасынан сериялық нөмірімен тексеру барысында жоғалған қару екені расталды. 2022 жылғы 5 қаңтарда Қаңтар оқиғасы кезінде бұл қару Алматыдағы Сейфуллин көшесіндегі "Оружейник" дүкенінен жоғалған", — деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз