Еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінде қайғылы оқиға тіркелді. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.

Оқиға 19 қараша күні болған.

Полицияның мәліметінше, 34 жастағы жұмысшы әйел астық сақтайтын қоймаға құлап, оқиға орнында қайтыс болған.

"Еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, әйел шамамен 30 метр биіктіктен құлап, тікелей астыққа түскен. Жедел жәрдем қызметкерлері оның асфиксиядан көз жұмғанын анықтаған. Қайғылы жағдайдың мән-жайы тексеріліп жатыр.


Оқи отырыңыз: Соққыға жыққан ба? Алматы облысында 14 жастағы жеткіншек қаза болды