Түркістан облысында 12 адам көз жұмған жеке үйдегі өрттің шығуына не себеп болуы мүмкін екені айтылды. ТЖМ алдын ала мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Түркістан облысында болған өрт фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда өрттің нақты себебі анықталуда.
Алдын ала мәліметтер бойынша өрттің шығуына ақауы бар электрұзартқыш себеп болуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды.
Барлық қызмет мамандары жұмысын жалғастыруда", — делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз