Қазақстанның 15 облысында 20 қарашада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанады.
Түнде және күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Петропавлда 20 қарашада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда 20 қарашада тұман түседі, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанады.
Түнде және танертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-18 м/с қамтиды.
Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында тұман болады деп күтіледі.
Түнде және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Облыстың шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүсік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда 20 қарашада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады, сондай-ақ жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, түндегі екпіні — 15-20 м/с. Оралда 20 қарашада тұман түсіп, оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі.
Абай облысында солтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
20-21 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп болжанады. 20 қарашада оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда 20-21 қарашада кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп болжанады.
20 қарашада Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды.
Айта кетсек, "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша, 2025 жылғы 20-22 қараша аралығында Астана мен Алматыда сынап бағаны күрт төмендейді, ал Шымкентте жылы ауа райы сақталады деп болжанады.