Абай облысында 8 млн теңгеден астам қарызы бар борышкердің автокөлігі айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысының полицейлері жеке сот орындаушымен бірлесіп Семей қаласының 29 жастағы тұрғынына қатысты өндіріп алу шараларын жүзеге асырды.

"Борышкер қаржы ұйымына 8 млн теңгеден астам қарыз болған. Сот орындаушысының қаулысы бойынша оның автокөлігі тәркіленіп, арнайы айып тұрағына қойылды. Көлікті патрульдік полиция батальоны қызметкерлері "Қорғау" ақпараттық жүйесі арқылы анықтады. Борышкерге сот шешімін орындау тәртібі толық түсіндірілді", делінген полиция хабарламасында.

Абай облысының полициясы азаматтарды қаржы және несие ұйымдары алдындағы міндеттемелерді уақытылы орындауға шақырады.