Танымал қазақ боксшысы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам араға бірнеше жыл салып, рингке қайта оралады, деп хабарлайды 1bol.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның жазуынша, 41 жастағы кәсіпқой боксшы Ali Akhmedov Promotions ұйымдастыратын Fight Night кәсіпқой бокс кешінде кезекті жекпе-жегіне шықпақ.
Бокс кеші 27 желтоқсанда Алматыдағы "Балуан Шолақ" спорт кешенінде өтеді. Қанат Исламның қарсыласы әзірге белгісіз.
Бұл кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Әли Ахмедов (24-2-0, 17КО) ганалық Делали Миледзимен (29-1-1, 22КО) қолғап түйістіреді.
Айта кетейік, Қанат Ислам кәсіби мансабында 29 жекпе-жек өткізіп, оның 27-сінде жеңіске жеткен. Бір рет жеңіліп, тағы бір жекпе-жекте тең түскен. Соңғы рет ол 2022 жылдың 7 қазанында аргентиналық Хавьер Франциско Масиельмен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.
Сондайа-ақ ол – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Боксшы WBA Inter-Continental, WBO NABO, WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin және WBA Fedecaribe сияқты белбеулердің иегері. Сонымен бірге бір кездері WSB лигасындағы Astana Arlans командасының капитаны болған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз