Мәскеудің бірқатар әуежайында бір мезетте 100-ден аса рейс кейінге шегерілді.
Бұған Украина қарулы күштерінің дрондар шабуылын күшейтуі себеп. Нәтижесінде Ресейдің Иваново, Ярославль, Тамбов және Саратов қалаларында да әуежай жұмысы тоқтады. Соңғы ақпарат бойынша Мәскеудің Шереметьево, Домодедово, Внуково және Жуковск терминалдарында 62 рейс тоқтатылса, 52 ұшақ 2 сағатқа кешіктірілді. Тағы 55 әуе көлігі қосымша аэродромдарға жіберілген. Айта кетейік, Ресей соңғы бір аптада әуежайлар жұмысын 50 рет тоқтатуға мәжбүр болды.