Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін жариялады
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 триллион 512,7 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 1 триллион 137,2 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 триллион 375,5 миллиард теңге қарастырылған. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 516 мың адам. «2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 744 теңгеге тең, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 167 теңге, базалық зейнетақы – 47 577 теңге», — делінген хабарламада.