Қызылорда облысы аумағында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, облыс көлемінде мал тасымалдаушы автокөліктерді, одан бөлек мал және ет сату орындарының заң талаптарына сәйкестігін тексеріп жатыр.

Мал ұрлығының алдын алуға бағытталған іс-шараның алғашқы күнінде мал ұрлығының 3 дерегі ашылды.

Сонымен қатар малды заңсыз тасымалдаудың 2, белгіленбеген орындарда жаюдың 9 дерегі анықталып, әкімшілік хаттамалар ресімделді.

Қазалы ауданының полиция бөліміне аудан тұрғыны хабарласып, сиырының жайылымнан жоғалғандығы туралы арызданған.

Полицейлер жүргізген жедел шара барысында күдікті ұсталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.