Қазақстан құрамасының боксшысы Даниал Сапарбай мен Диана Мағауияева Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының ақтық кезеңінде қола медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдымен шаршы алаңда Даниял 90 келіден жоғары салмақта қола жүлде үшін жұдырықтасты.

Ол үш раундтың қорытындысы бойынша үндістандық боксшы Нарендерді жеңді. Осылайша Сапарбай жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Сондай-ақ отандасымыз Диана Мағауияева Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогы ақтық кезеңінің қола жүлдегері атанды. Бұрымды боксшымыз 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Диана жартылай финалда Польша өкілі Агата Кацмарскамен қолғап түйістірді. Польшалық боксшы басымдық танытып, жеңіске жетті.

Бұған дейін Үндістандағы Әлем кубогы кезеңінде қос боксшымыз қола медаль еншілегені белгілі.