Астанада тұрғын үй қасбетінің құлауы салдарынан ауыр жарақат алып, кейін қайтыс болған елодалық жедел жәрдем станциясының 23 жастағы фельдшері Ұлдана Мырзуанды "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды", — делінген ресми хабарламада.
23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның көз жұмғаны туралы бүгін белгілі болды. Ақпаратты Астақа қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі растады. Жедел жәрдем қызметкері 8 қарашадан бері жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқан болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 8 қарашада Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен сыртқы қаптама кірпіш пен кондиционер құлаған еді. Құтқарушылар зардап шеккендерді шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Белгілі болғандай, оқиға орнында жедел жәрдем фельдшері зардап шекті. Ол ер адамды үйінді астынан алып шықпақ болған кезде оның басына тоғызыншы қабаттан кондиционер құлап кеткен. Жәбірленушіге бассүйек трепанациясы жасалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз