Футбол жанкүйерлері үшін енді АҚШ-қа виза алу жеңілдейді. Келер жылы жазда Құрама Штаттарда теңбіл доптан әлем чемпионаты өтеді.

Бұл арада президент Трамп тиісті тапсырма берді. Енді қолыңда ойынға билеті бар азаматтың сұхбатқа кезегі тез жылжиды. Десе де бұл АҚШ футбол жанкүйерлерінің бәріне бірдей елге кіруге рұқсат береді деген сөз емес. Ақ үй әкімшілігінің мәліметі бойынша, қазір Америкаға виза рәсімдеу мерзімі 60 күннен аспауы тиіс. Сарапшылар: «әлем чемпионатынан Құрама Штаттар бюджетіне 30 млрд доллар кіріс түседі», — деп топшылайды.