Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Ақтауда жанармай құю бекетін тонаған күдікті ұсталды

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Түнде жанармай құю бекетінде белгісіз ер адам кассирге пышақ көрсетіп, қорқытып, ақша талап еткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ведомство мәлім еткендей, қолма-қол қаражатты иемденгеннен кейін оқиға орнынан бой тасалаған.

– Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Құқық қорғау органдарының кәсіби және жедел әрекеттерінің нәтижесінде күдікті бір сағат ішінде қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындады, – делінген хабарламада.