Олар эвакуацияланып үлгерді.
Конгода министр мен делегация мүшелері мінген ұшақтан өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Колвези әуежайында төтенше жағдай болды. Israel Hayom басылымының жазуынша, Конгоның тау-кен өнеркәсiбi министрі Луи Ватум Кабамба отырған ұшақ апатқа ұшырады.
Киншасадан ұшып келген әуе көлігі ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенген. Министр мен делегация мүшелері уақытында эвакуацияланып үлгерді. Зардап шеккендер жоқ.
"Ұшақ дұрыс қона алмай өртенді. Жалын толық таралмай тұрып бәріміз ұшақтан шығып үлгердік", – деді делегация басшысының коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Исаак Ньембо.
Белгілі болғандай, Луи Ватум Кабамба бастаған делегация 16 қараша күні ондаған адам қаза тапқан Калондо шахтасындағы ахуалмен танысу үшін Колвези аймағына келген.