Қостанай облысындағы Федоров ауылынан 10 шақырым жерде бұзылып қалған автобустың жолаушылары эвакуацияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанай облысының Федоров ауданынан 10 шақырым қашықтықтағы республикалық маңызы бар "Алматы–Екатеринбург" автожолында шетелдік азаматтар мінген автобус бұзылған.
Көлікте барлығы 66 адам болған, оның 2 екеуі бала. Олар Ресейден Тәжікстанға қарай жол жүріп бара жатқан.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары келіп 25 адамды, оның ішінде 1 жүкті әйел мен 2 баланы Федоров ауылындағы жылыту пунктіне жеткізді.
Сонымен қатар жол қызметі бұзылған автобус пен оның ішіндегі адамдарды Федоров ауылына дейін сүйреп жеткізді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз