Түркістан облысында алапат өрттен 12 адам қаза тапты, олардың арасында 9 бала бар. Қайғылы оқиғаға байланысты облыс әкімдігі шұғыл мәлімдеме жасады .

Ведомство мәліметінше, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша облыс әкімі жетекшілік ететін жұмыс тобы құрылды. Зардап шеккендерге қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

«Түркістан облысының әкімі атынан қаза тапқандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз. Аймақтық қызметтер барлық қажетті қолдауды көрсетеді.

Өрттің шығу себептері анықталуда. Ақпарат қосымша толықтырылып отырады», – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.