Түркістан облысында 12 адамның өмірін қиған өрттен кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Полицияның мәліметінше, Жетісай ауданында болған өрт фактісі бойынша "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғалған.

"Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданатын болады", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз