Ақмола облысында мүгедектігі бар жандарға қамқоршылық тағайындау кезінде өрескел заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Прокуратураның дерегінше, мүгедектігі бар жандар заң бойынша қамқоршы бола алмайтын тұлғалардың қарауына берілген. Арасында адам өлтіргені үшін сотталғандар мен ауыр психикалық диагнозға шалдыққандар да бар.
Мәселен, екі бірдей азаматты бұрын кісі өлтірген ер адам қамқорлығына алған. Бұдан бөлек, "шизофрения" диагнозы бар азамат ресми түрде қамқоршы ретінде тіркелген. Сондай-ақ деректер базасында бірнеше жыл бұрын қайтыс болған 28 мүгедектігі бар азамат қалып қойған.
"Тексеру нәтижесінде уәкілетті органдардың адам өлтіргені және басқа да қылмыстар үшін сотталғандарды қамқоршы ретінде тағайындағаны анықталды. Нәтижесінде бұрын сотталған және психикалық ауытқуы бар тұлғалар қамқоршылық міндеттерден шеттетіліп, бұған жауапты лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды", – деді облыс прокурорының көмекшісі Меруерт Байболова.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз