Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен бірнеше күннен кейін елімізге ресми сапарымен Аремния премьер-министрі Никол Пашинян келеді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян 20-21 қараша күндері Астанаға ресми сапармен келеді.

Сапар бағдарламасы аясында екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.

Айта кетейік, бүгін елімізге Эстония президенті мемлекеттік сапарымен келді. Екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз