2025 жылдың 14 қарашасында Берлиндегі Max-Schmeling-Halle сахнасында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің орындауында жиырмадан астам композиция алғаш рет шырқалды. Олардың ішінде он авторлық шығарма орындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша, "Махаббат бер маған" атты белгілі композиция орындалған сәтте көрермендер қолдарындағы шам тәрізді жарықтарды жағып, ерекше атмосфера құрды. Тіпті Димаш ән айтуды тоқтатқан кезде де залдағы жұрт композицияны бірге орындауды жалғастырды.
Осы сәттің сиқырын әншінің інісі – Мансұр Құдайберген бейнежазбаға түсіріп алған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)
Желі қолданушылары таспаға тәнті болып, осы әсерлі кадрлар үшін Мансұрға алғыстарын жаудырды.
- Мен осы жерде болдым, бұл сәттегі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!
- Қандай ғажап! Халықтың ыстық ықыласы жәй ғана бейнежазбаны көріп отырған маған сезілуде... Димаштың бұл кездегі хәлін тіптен елестете алмаймын!
- Біреуді осыншалықты жақсы көруге бола ма... құдды бір отбасындай... бейнені түсірген адамға алғысым шексіз!
- Мансұр, сен тамаша адамсың! Қандай дәлдікпен түсірілген бейне... атмосфера телефоннан-ақ жетуде!
Бұған дейінӨзбекстанда "Хан Сұлтан. Алтын Орда" операсының премьерасы өткенін жазғанбыз.