Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес бюджет қаражатын тиімді пайдалану және әлеуметтік саладағы қызметтерді цифрландыру бағытында жаңа жүйелер енгізілуде.
Осыған орай Премьер-министр Олжас Бектенов жекеменшік мектептердің қызметін реттеудің жаңа тетігін жетілдіру мәселесін қарастырды.
Бірыңғай цифрлық платформа (БЦП)ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жетекшісі Светлана Жақыпова 16 әлеуметтік сала ұйымының цифрландырылғанын, соның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы мекемелерді қадағалау жүргізілгенін хабарлады. Биылғы шілдеден бастап 9 мыңнан астам ұйымның штаттық кестелері декларациядан өткен, жыл соңына дейін толық аяқталуы жоспарланып отыр.
Цифрландыру нәтижесінде:
-
40 мыңға жуық азаматтың ресми еңбек шарты болмағанына қарамастан зейнетақы жарналары аударылғаны анықталды.
-
9,6 мың мектептің штат кестесінде Тізілімге енгізілмеген, бірақ қосымша 75 лауазым анықталды.
БЦП қазіргі таңда 4,5 млн адамға қызмет көрсетіп отыр. Платформа әлеуметтік қолдау шараларын – АӘК, жәрдемақылар, мектепке дейінгі білім беру субсидиялары, тегін спорт секцияларын ұйымдастыру сияқты қызметтерді кешенді түрде көрсетеді.
Қаржылық тиімділікті арттыруЕңбек министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы әлеуметтік алаяқтыққа қарсы күрес аясында мемлекеттік бюджетке 299 млрд теңге қайтарылды. Алдағы үш жылда субсидиялау бағдарламасын цифрландыру бюджет қаражатының 135 млрд теңгесін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Жекеменшік мектептердің қызметін бақылауБиыл қарашада e-Qazyna.kz веб-порталында OrtaBilim ақпараттық қызметі іске қосылды. Жүйе:
-
Білім алушылар саны мен контингентін бақылайды
-
Рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексереді
-
Автоматты тексеру арқылы деректердің дұрыстығын қамтамасыз етеді
Қаржы министрлігінің тексеруінде:
-
745 мекеменің 155-і алған кірісін көрсетпеген
-
427 мектептің 30%-ы өз қызмет түріне сай емес
-
Кейбір мектептер жобалық қуатынан 2 есе көп оқушы қабылдаған (мысалы, Алматы облысында 60 орынға есептелген мектепте 702 оқушы)
-
Қосарланған қаржыландыру мен жалған мұғалім фактілері анықталған
2026 жылдың қаңтарынан бастап барлық жекеменшік мектеп қызметі жаңа ақпараттық жүйемен қатаң реттеледі. Жүйеге барлық мемлекеттік қаржыландыру түрлері қосылады:
-
Мемлекеттік тапсырыстар
-
Гранттар
-
Стипендиялар
-
Жатақхана орындары
Премьер-министрдің тапсырмасымен Қаржы және Оқу-ағарту министрліктері мектеп директорларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қаржыландыру жүйесін өзгертуге қатысты семинарлар өткізуде.
Мақсат – мемлекеттің қаржысын заңсыз жолмен пайдалану жолын кесу, әлеуметтік қолдауды нақты мұқтаж азаматтар үшін бағыттау және бюджет шығынын оңтайландыру.