Конго Демократиялық Республикасының оңтүстік-шығысындағы мыс кеніші опырылып, 32 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың барлығы заңсыз кен қазушылар болуы мүмкін. Құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатқандықтан, құрбандар саны артуы ықтимал, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, құлау Лоалаба провинциясындағы нөсер жаңбырдан болған жер көшкініне байланысты орын алған.
Ал кеншілер қауымдастығы басқа деректерді келтіріп, 49 адамның қаза болғанын және ондаған адамның із-түссіз жоғалғанын мәлімдеді.
Кейбір басылымдар кеніштегі қайғылы оқиғаға өнеркәсіптік аймақтың қаруланған күзеті мен кеншілер арасындағы қақтығыс себеп болған болуы мүмкін деп жазады. Жұмысшыларды таратуға әрекет жасаған кезде күзет қызметкерлері оқ атқан. Таратылған ақпаратқа қарағанда, атыстан кейін қолдан жасалған көпір құлап, соның әсерінен қауіпті көшкін басталған. Қауіпсіздік қызметі мен шахтерлер арасындағы жанжалдың егжей-тегжейі жарияланған жоқ.
Absolutely terrifying – a massive landslide at an artisanal mine has reportedly killed at least 80 people. November 15, 2025