Атырау –Алматы пойызының жүру жиілігі артты.

2025 жылғы 14 желтоқсаннан бастап №41/42 "Атырау – Алматы" жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі күнделікті режимаге ауысады, деп хабарлайды "ҚТЖ".

Атырау–Алматы бағытына пойызды күнделікті қатынауға көшіру тәулігіне шамамен 700 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Маршрутқа 15-тен астам жаңартылған купе және плацкарт вагондары шығарылады. Билеттер құны:

  • 17 215 теңге – плацкарт;
  • 26 433 теңге – купе.

Компания бұл шешім батыс пен оңтүстік өңірлер арасындағы көлік байланысын күшейтуге және қыс мезгілінде жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.


Оқи отырыңыз: 14 желтоқсаннан бастап "Астана – Қызылорда" бағытында жаңа Тальго пойызы жүреді