Бүгін, 2025 жылы 16 қарашада Атырау облысындағы Доссор елдімекенінде жанар-жағармай құю станциясының аумағында автобус өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
112 дабыл пультіне хабарлама келіп түсіп, оқиға орнына тез арада ТЖМ күштері мен құралдары жіберілді.
"Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдары арқасында жанар-жағармай құю станциясына оттың одан әрі таралуының алды алынды. Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрт қысқа мерзімде сөндірілді", делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Зардап шеккендер жоқ екені де нақтыланады.