Ресейлік аралас жекпе-жек жұлдызы Ислам Махачев Нью-Йоркте өткен UFC 322 турнирінде австралиялық Джек Делла Маддаленаны жеңіп, орта салмақта UFC чемптоны атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Спортшылардың орта салмақтағы (до 77,1 кг) қақтығысы турнирдің басты жекпе-жегі болды. Кездесу бес раундқа созылды.
Махачев төрт сәтті тейкдаун жасап, бір жекпе-жекте партердегі басымдық бойынша жеке рекордын жаңартты. Ол жаудырған соққылар жағынан да қарсыласынан басым түсті. Нәтижесінде үш судья 34 жастағы спортшыны жеңімпаз деп тапты. Ресейлік файтер 50:45 есебімен жеңіске жетті.
Махачев екі салмақта UFC чемпионы атанған алғашқы ресейлік спортшы болды. Бұған дейін жеңіл сақмақтағы чемпиондық белбеу оған тиесілі болған еді. Алайда Делла Маддаленамен жекпе-жек үшін Ислам ол белбеуін босатты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз