Қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаушылардың халықаралық кеңісінің Гран-при кезеңінде тарихи медальға ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңі АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатыр. Ерлер арасындағы қысқа бағдарламада үшінші орынды иеленген Михаил Шайдоров еркін бағдарламада үздік екінші нәтижені көрсетті.
Отандасымыз қорытынды кестеде бір жолға жоғары көтеріліп, жалпы 251,09 балл жинады.
Жеңіс Франция өкілі Кевин Эймозға бұйырды (253,53). Үшінші орынға жапондық Казуки Томоно жайғасты (245,57).
Айта кетейік, Шайдоров тарихта екі рет Гран-при жеңімпазы тұғырына көтерілген алғашқы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы болды. Оның еншісінде Гран-при бойынша жалпы есепте 24 ұпай бар.
Әзірге, оқазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жалпы рейтингте үшінші орында тұр. Егер Шайдоров үздік алтылық қатарындағы орнын сақтап қала алса, онда Гран-при финалына өтеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз