15 қарашада ҚХЛ чемпионаты ойындары аясында Гагарин кубогының иегері "Локомотив" өз мұз айдынында "Барысты" қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өткен маусымның үздік командасы, сондай-ақ бүгіндері ҚХЛ Батыс Конференциясы кестесінің көшбасшысы қонақтарға еш қарсы тұра алмай, қақпасына төрт шайба кіргізіп алды.
Табло бірінші таймның аяқталуына бес минут қалғанда ашылды, сөйтіп Әлихан Өмірбеков ерекшелене білді.
Кейін екі команда да бір-бірінің қақпасын ұзақ аңдысып, екінші тайм өте шықты. Тек үшінші 20 минуттың басында Семен Симонов елордалық құраманың артықшылығын екі еселеді. Біраз уақыттан кейін Аңсар Шайхмедденов пен Эмиль Галимов нәтижені зорайтып, 4: 0 етті.
Осылайша, "Барыс" ағымдағы маусымда сырт алаңда алғаш рет жеңіске қол жеткізіп, 23 ұпай жинады. Бұл біздің хоккейшілерімізге "Шығыс" кестесінде сегізінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді.
Келесі матч 17 қарашада Сочи командасына қарсы сыртта өтеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Хоккейный клуб «Барыс» (@barys_official)
Бүгін қазақстандық жанкүйерлерді футбол құрамасы да қуантты. Астанада Бельгияны қабылдаған Қазақстан 1:1 есебімен тең ойын өрнегін көрсетті.