Қазақстан – мұнайлы ел, бірақ экономикасын ЖИ бағытына батыл бұрып отырған мемлекет.
Жасанды интеллект әлеміндегі беделді тұлғаның бірі, әйгілі Google Research-тің бұрынғы директоры Питер Норвиг Қазақстандағы жоғары білім, ғылым және технология бағытындағы реформаларға оң баға берді. Оның айтуынша, Қазақстан билігінің айқын бағыты, тұрақты саясаты және технологияға салған инвестициясы елдегі инновациялық экожүйенің жылдам өсуіне жағдай жасап жатыр.
Питер Норвиг, ЖИ саласын зерттеуші ғалым:
- Қазақстан – демографиялық тұрғыдан жас, әлеуеті зор ел. Жастардың технологияға қызығушылығы жоғары, сондықтан да инновациялар табиғи түрде қалыптасып жатыр. Ең маңыздысы үкіметтің ұстанған ұзақ мерзімді, байыпты бағытына қоғамның сенімі артып, технологиялық дамуға ортақ жауапкершілік қалыптаса бастады.