Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің және Әзербайжан президенттерімен бірге "Келешек мұрасы " халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің айтуынша, биыл тағайындаған бұл сыйлық дәстүрді жаңғыртуға, өнерді дамытуға, сондай-ақ ұлттық рухани мұраны насихаттауға елеулі үлес қосқан мәдениет қайраткерлеріне беріледі.

Қазақстаннан актёр Еркебұлан Дайыров "Театр және кино" аталымы бойынша "Келешек мұрасы" сыйлығының лауреаты атанды.