Димаш Құдайберген Лондонда Stranger атты жеке концертін берді. Жанкүйері оны концерттен кейін жібергісі келмей, ол тұрған қонақүйдің сыртында күтіп тұрған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Димаш Instagram парақшасында видео жариялады. Оны әншінің інісі түсірген.
"Рақмет, Лондон. Бұл видео біз тұрған қонақүйдің алдында концерттен кейін түсірілді. Барлығына алғыс айту үшін көліктің үстіне шығуға тура келді. Мен сіздерді жақсы көремін. Ертең Берлинде кездескенше. Керемет видео үшін рақмет, Мансұр", — деп жазды Димаш.
Көліктің үстінде отырған Димаш жиналғандарды ренжітпеуге тырысып, қолтаңба беріп, селфи жасады. Жанкүйері оның әнін шырқады.
"Капоттағы шоу сияқты. Мансұр керемет видео түсіріпті! Жарайсың! Ертеңгі күніңе сәттілік", — деп пікір қалдырды желі қолданушылары видеоға.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз