Руслан Берденов ісі бойынша сотта журналиске тілін көрсеткен судья Әбінұр Қарабаевқа қатысты Жоғары сот кеңесінің қандай шешім шығарғаны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жоғарғы сот кеңесінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі арнайы ауданаралық соттың судьясы Әбінұр Қарабаевтың әрекеті бойынша тәртіптік іс сот жюриінің отырысында қаралды.
Сот алқасы Қарабаевты тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдап, оған ескерту түрінде жаза тағайындады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісін қарау кезіндегі судья Әбінұр Қарабаевтың әдеттен тыс қылығын журналист видеоға түсіріп алғанын хабарлағанбыз.
Журналисттің сөзінше, өткен сот отырысында сотқа төрағалық етуші судья Әбінұр Қарабаев күтпеген жерден оған тілін шығарған.
Судьяның видеосына қатысты Шымкент сотының баспасөз қызметі өкілдері пікір білдірген еді. Олар Әбінұр Қарабаевтың әрекеті Судья әдебі кодексінің талаптарын бұзу бойынша тексерілетінін, заң талаптарына сәйкес қызметтік тексеру тағайындалатынын айтқан.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз