Шымкентте полицейлер жүргізушіден есірткі тәркіледі . Тәртіп сақшылары 250 грамм синтетикалық есірткі тасымалдаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, халықаралық «Канал» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымы фактісін анықтады.
Шымкент қаласында тоқтатылған автокөлікті тексеру барысында жүргізушіден а-PVP есірткі заты салынған орамдар табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 250 грамм. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.