Ақтөбе облысы Шалқар қаласының тұрғындары – Лайықовтар отбасында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды облыс әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Сәбилер жүктіліктің 31-аптасында, бірнеше минут айырмашылықпен дүниеге келген. Нәрестелердің туған кездегі салмағы – 1600, 1670, 1490 грамм болса, бойлары бірдей, 35 см.
Олар 1 айдан аса облыстық перинаталдық орталықта дәрігерлердің жіті бақылауында болып, тұрақты ем қабылдаған. Қазіргі таңда сәбилердің де, анасының да жағдайы жақсы.
Ата-анасы үшемдерге Әдемі, Сұлу және Әміре деп ат қойған.
Аудан әкімі Жанболат Жидеханов жас отбасыны құттықтап, естелік сыйлық тарту еткен.
Айта кетейік, 27 жастағы Аслан Лайықов пен Ләззат Жоламанованың үшемнен бөлек, 5 жасар ұлы мен 3 жасар қызы бар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз