Қазақстан нарығындағы орнын нығайту үшін Нұрбанк IT-инфрақұрылымына инвестиция жасап, инновациялық сервистер жасаумен айналысып жатыр.
11 қарашада Алматыда Нұрбанк Басқарма төрағасы Гүлнар Мұсатаева өзінің 2025-2027 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасының басым бағыттарын назарға ұсынды. Тұжырымдаманың басты бағыты цифрлық трансформация болып отыр.
"Бүгінгі күні технологиялар жай ғана құрал емес, тұтас бір философияға айналып келеді. Біз адамға жұмыс істейтін digital-сервистер жасауды алдағы міндеттеріміздің бірі ретінде көріп отырмыз", — деп атап өтті Мұсатаева.
Банк дамуындағы жаңа кезең
Банк еліміздің қаржылық экожүйесіндегі рөлін нығайтуды көздеп отыр. Басты фокус – IT саласына, заманауи жабдықтарға және ыңғайлы, жедел және қауіпсіз болатын жеке цифрлық өнімдерге ауқымды инвестициялар жасау.
Бүгінгі таңда Нұрбанк Қазақстан нарығындағы аударымдар мен төлем шешімдерінің ең кең желісін ұсынып отыр, 2025 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша халықаралық аударымдардың жалпы көлемінің 16 пайызы банк үлесіне тиесілі болып, бұл Нұрбанктің осы сегменттегі орны нық екенін және клиенттер сенімінің жоғары екенін көрсетеді.
Банк клиенттеріне мына қызметтер қолжетімді:
- Ria Money Transfer – 190 ел бойынша аударымдар (қазақстандықтар үшін мұндай мүмкіндікті тек Нұрбанк ұсынып отыр);
- UPT (Universal Payment Transfer) – 180-нен астам ел бойынша жаһандық аударымдар;
- "Алтын Тәж" (KoronaPay) – Ресей, ТМД елдері және Еуропаға ақша аударымдарын жасауға арналған. 2025 жылғы мамырда банк алғашқы болып мұндай аударымдарды жасау мүмкіндігін Nur24.kz қолданбасында мүмкін етті;
- Kwikpay – Қазақстан ішінде және жақын шетелге аударымдар жасауға арналған;
- Western Union – шот ашпай-ақ әлемнің 200-ден астам еліне жедел аударымдар жасау;
- SWIFT халықаралық аударымдары – бизнес және жеке тұлғалар арасында кеңінен қолданысқа ие халықаралық операциялар жасауға арналған;
- "Мультитрансфер" – телефон нөмірі арқылы комиссиясыз және реквизиттерсіз Ресейге ақшалай аударымдар жасауға арналған жаңа жүйе.
Ішкі нарыққа арналған жеке сервистер бар: Қазақстан бойынша жедел аударымдар жасауға арналған NUR Экспресс және картадан картаға немесе телефон нөмір арқылы ақшалай аударымдар жасауға арналған Nur24.kz қолданбасы.
2025 жылдың соңына дейін Nur24.kz қолданбасында ұсыныстар жүйесі мен аударымдар сервистерінің рейтингі пайда болады. Ол бағыт, сома және комиссиялар бойынша оңтайлы нұсқаларды іріктеп отырады, ал рейтинг шынайы пайдаланушылар пікіріне негізделмек.
Сонымен бірге Nur24.kz мобильді қосымшасында "Криптовитрина" деп аталатын инновациялық сервис те ұсынылды. Онымен пайдаланушылар фиатты және цифрлық активтердің балансын қарап отыра алады және АХҚО, оның ішінде ATAIX Eurasia сынды лицензиясы бар криптобиржалармен өзара әрекет ете алады. Жақын арада клиенттер Нұрбанк шоттары мен карталарынан қаражатты тікелей толықтыру және шешіп алу мүмкіндігіне ие болады.
"Біздің басты қағида өзгеріссіз қалады. Күш – инновациялар, жүрек – қызмет көрсету арқылы көрінеді. Біз технология мен адамның бірлесуі сенім мен тұрақты дамудың негізі екеніне сенімдіміз", — деп атап өтті жаңалықтарды таныстырып өткен Нұрбанк басшысы.
Нұрбанк цифрлық теңгені енгізу бойынша көш бастап тұрғанын атап өту керек. Цифрлық валютаны толыққанды іске қосу 2025 жылдың соңына жоспарланып отырғанына қарамастан, банк қазірдің өзінде цифрлық теңгемен жұмыс істеудің – ашудан бастап конвертациялауға дейін жұмыс істеудің 8 қызметін жүзеге асырып үлгерген. Барлық операция NurBusiness интернет-банкі арқылы қолжетімді. Сондай-ақ банк "Цифрлық ҚҚС" жобасына дайындалып жатыр. Бұл жоба салықты қайтару мерзімін 5-15 күнге дейін азайтып, бизнес үшін қаражат айналымын жеделдетеді.
2024 жылғы желтоқсанда S&P Global Ratings Нұрбанктің ұзақмерзімді несие рейтингін "В"-дан тұрақты болжамды "В"-ға, ал ұлттық шкала бойынша "kzBB"-ден "kzBB+"-ға дейін көтерген. Бұл қаржы нәтижесін және тәуекелдерді басқарудың мықты екенін айқындайды.
"Технологиялар мен адамдарға салынған инвестиция – болашаққа инвестиция екеніне сенімдіміз. Біздің мақсат – инновацялар адамдарға қызмет етіп, бизнеске көмек көрсетіп, Қазақстанның банк жүйесіне деген сенімді нығайту", — деп сөзін түйіндеді Мұсатаева.
*Банк қызметі Қазақстан Республикасында лицензияланады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз