Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Қазынашылық комитетінің атауы ресми түрде өзгерді

Қаржы министрлігіне қарасты Қазынашылық комитетін ресми қайта тіркеу рәсімі аяқталды. Бұдан былай ведомство Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті деп аталады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

“Бұл – бюджеттік процестердің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған реформалардың бір бөлігі болып табылады.

Жаңа атау комитеттің мемлекеттік қаржыны басқарудағы маңызды рөлі мен мәртебесінің биіктеуін айқындайды”, — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, комитет атауының өзгеруі қызметкерлердің штат санын немесе мемлекеттік бюджеттің қосымша шығындарын ұлғайтуға әкеп соқпайды.

Комитет атауын өзгерту туралы шешім Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы №565 бұйрығымен бекітілген.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз